Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Картография және геоинформатика / Игембаев Идеят Болатұлы
Игембаев Идеят Болатұлы
Лауазымы: доцент м.а.
картография және геоинформатика кафедрасы
2000 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетті «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2002–2005 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай-газ
ісі» мамандығы бойынша магистратурасында білім алдым.
2003 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Геология және мұнай-газ ісі институтының мұнай және
газ кен орындарын игеру және пайдалану кафедрасында ассистент ретінде еңбек жолымды
бастадым.
2006 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың тамызына дейін Атырау қаласындағы «НПО Эмба Нефтеотдача»
ЖШС-де мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі инженер-технолог қызметін атқардым.
2007–2008 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың мұнай және газ кен орындарын игеру және
пайдалану кафедрасында оқытушы болып жұмыс істедім.
2008–2010 жылдары Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің
филиалында бас инженер және директордың орынбасары қызметтерін атқардым.
2009–2012 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Мұнай-газ
ісі» мамандығы бойынша докторантурада білім алдым.
2011–2013 жылдары Атырау облысындағы «Айтумыс Жылыой» ЖШС-де директордың орынбасары қызметін
атқарып, «Прорва – ҚазТрансОйл» мұнай құбырын реконструкциялау жобасының жетекшісі болдым.
2013–2018 жылдары Каспий қоғамдық университетінің мұнай инженериясы кафедрасында
қауымдастырылған профессор болып жұмыс істедім. 2015–2018 жылдары Жоғары инженерлік
мектептің деканы қызметін атқардым.
2018–2020 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және
бизнес мектебінде MBA бағдарламасы бойынша білім алдым.
2019–2021 жылдары Каспий қоғамдық университетінің Жоғары құқық мектебінде білім алдым.
2021 жылдан бастап Каспий қоғамдық университетінің мұнай инженериясы кафедрасында
қауымдастырылған профессор ретінде кәсіби қызметімді жалғастырдым.
2021–2024 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық
технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында доцент
міндетін атқарушы қызметінде жұмыс істедім.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
География және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика
кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметін атқарып келемін.
Мұнай-газ инженериясы саласында 25-тен астам ғылыми жарияланымның авторымын.
Запастағы офицермін.
Шығыс жекпе-жек өнерлерімен, атап айтқанда бразилиялық джиу-джитсу
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| каспий қоғамдық университеті | 2 -ші жоғары | 2021 |
| Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ | Жоғары | 2000 |
Академикалық дәреже
Ғылыми дәрежесі
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0